387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия бойынша жаңа қарар жобасы ұсынылды

  • 561
  • UPD: 11:10, 15.04.2018
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия бойынша жаңа қарар жобасы ұсынылды life.ru

АҚШ, Ұлыбритания және Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия бойынша жаңа қарардың жобасын ұсынды.

Француз делегациясы дайындаған құжатта Сирияда химиялық қарудың қолданылуы қатаң айыпталған. Сонымен қатар мұндай шабуылдарды тергеу жүйесін құру мәселесі көтерілді. Қарар дүйсенбі күні талқыға салынуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер бас қосып, шұғыл отырыс өткізді. Ресейдің Батыс елдерінің соққыларын айыптайтын қарары қабылданбады.

Хабар 24 телеарнасы