388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық одақ Сирияға қатысты ұстанымын білдірді

  • 520
  • UPD: 11:22, 15.04.2018
Еуропалық одақ Сирияға қатысты ұстанымын білдірді MIGnews

Еуропалық одақ Сирия мәселесіне қатысты бейтарап ұстаным білдірді.

Бұл туралы Еурокеңестің басшысы Дональд Туск өз Twitter-інде мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйым әділеттіліктің үстем болғанын қалайды. Еуроjдақ сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі басшысы Федерbка Могерbни болса, Сирия билігінің химиялық қаруды қолданғанын қатаң түрде айыптады. Сондай-ақ АҚШ бастаған елдердің соққылары мұндай әрекетті болдырмау үшін жасалғанын жеткізді. Ал Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер химиялық шабуылды жүзеге асырғандар жазаға тартылуы керектігін айтып, «Думадағы оқиға енді қайталанбауы тиіс», – деді.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Еуопалық одақ шиеленісті қаламайтынын білдірді. Бірақ Кипр, Грекия, Болгария елдері Трамптың шешіміне наразылық танытты. Себебі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мандатынсыз егеменді елдің аумақтық тұтастығы бұзылды. Тіпті соққы берген елдердің парламенттерінде де бұл әрекет қызу талқыланып, құпталған жоқ. Бір қуантарлығы, Сирия әуе қорғанысы зымырандардың үштен екісін атып құлатып, шабуылдан көп зардап келген жоқ. Ал келіссөз мәселесіне келсек, Женева кездесулері тығырыққа тіреліп, тек Астана процесі ғана жауласушы тараптардың татуласуына оң ықпал еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы