387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дума қаласынан қарулы топтың 21 мыңнан астам мүшесі кетті

  • 394
  • UPD: 13:34, 15.04.2018
Дума қаласынан қарулы топтың 21 мыңнан астам мүшесі кетті

Сириядағы Дума қаласына бекінген оппозициялық күштерді шығару операциясы аяқталды.

Шаһардан қарулы топтың 21 мыңнан астам мүшесі кетті. Қаладағы тәртіпті Ресей әскери полициясы қадағалап отыр. Қазір шаһардың инфрақұрылымын қалпына келтіру мен су және электр жүйесін жөндеу жұмыстары басталды. Бейбіт тұрғындарға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылуда.

Айта кетейік, үкімет әскері оппозициялық күштердің қолында болған Шығыс Гута аймағын шабуылдауды ақпан айында бастаған. Бірнеше аптадан кейін аймақта бекінген кей қарулы топтар өңірді тастап, отбасыларымен бірге Идлиб аймағына көшуге келісті. Ал жалпы Шығыс Гутадан қарулы топтардың 67 мыңнан астам мүшесі жер аударылған.

Хабар 24 телеарнасы