382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады

  • 506
  • UPD: 14:17, 15.04.2018
Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады МК-Турция

Түркияның Ыстамбұл қаласында күзде тағы бір үлкен әуежай ашылады.

Бұл – осымен шаһардағы үшінші әуежай. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол Түркиядағы ең үлкен әрі әлемдегі ірі айлақ болмақ. Сөйтіп Босфордағы қаланың транзиттік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Ал жаңа айлақ бір мезгілде 114 ұшақты қабылдайтын болады. Бірақ бұл орталық іске қосылған соң Ататүрік атындағы әуежай жабылмақ. Жалпы, түрік билігі Измир мен Анталия қаласының да азаматтық авиация саласының мүмкіндігін ұлғайтуды көздейді. Ал сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта Түркия мен Парсы шығанағындағы әуе қауіпсіздігі жақсарып, жолаушылар саны арта түскен.

Ахмет Аслан, Түркия көлік министрі:

- Жаңа әуежай 100 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал алдағы уақытта жұмысшылардың жалпы саны  225 мыңға жетеді деп болжап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы