389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ ҚК халықаралық коалицияның Сирияға жасаған соққысын айыптаудан бас тартты

  • 536
  • UPD: 11:23, 16.04.2018

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі көпшілік дауыспен халықаралық коалицияның Сирияға жасаған соққысын айыптаудан бас тартты.

Ал мұның соңы қалай болады деген әлем халқы ақырын күтіп алаңдап отыр. Қазір барлық тараптар осы әуе шабуылының салдарын талқылауға көшкен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға жасалған соққыларды айыптаған ресейлік тараптың қарарын қабылдамады. Бұл құжатта басқыншылық әрекетті дереу тоқтату талап етілген.

Карен Пирс, БҰҰ-дағы Ұлыбритания елшісі:

– Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының қағидалары мен мақсаттарына сәйкес химиялық қарудың қолданылуын ақтауға болмайды. Ұлыбритания осыншама жазықсыз жанның жаппай қырылуына жол бермес үшін күш қолдану заңды деп санайды.

Тараптар жасалған соққының залалын әртүрлі бағалап отыр. Сирия мен Ресей шабуыл көзделген мақсатына жеткен жоқ әрі еш әсер етпегенін айтады. АҚШ тарапы зымырандардың дәл жоспардағыдай барлық нысаналарға дәл тигенін алға тартып, спутниктен түсірілген суреттерді дәлел ретінде келтіріп отыр. Онда Дамаскідегі зерттеу орталығының шабуылға дейінгі және одан кейінгі күйін байқауға болады. Бұл кешен толық жойылған. Ал сарапшылар бұл соққының тек ескерту ретінде жасалғанын айтады.

Ксения Светлова, арабтанушы:

– Мәскеу өзінше айтып жатқанмен, стратегиялық тұрғыда өзгерген ештеңе жоқ. Сол баяғы соғыс. Бұл қырғында көптеген адам химиялық қарудан емес, өзге шабуылдардан қаза болып жатыр. Ал Трамп болса, ең алдымен сайлаушыларға өзінің сөзінде тұратынын көрсеткісі келді. Химиялық қару қолданғандарды тауып, «сазайын тарттырам деген ем, міне айтқанымды орындадым» деп тұр.

Израильдің ақпарат құралдары шабуылды әлсіз жүргізілді деп бағалады. Яғни әлде де соққы берілуі керек еді дегенге саяды. Шабуылға өздері қатыспағанмен, Израиль Үштік одақтың бұл әрекетін қолдап отыр.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы