389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ескі иесінің мәйіті бар үй сатылымға қойылған

  • 469
  • UPD: 22:34, 15.04.2018
Италияда ескі иесінің мәйіті бар үй сатылымға қойылған Фото: Oxu.az

Италияның солтүстігіндегі сатылымға қойылған жылжымалы мүлікті көруге келген потенциалды сатып алушы үй иесінің мәйітін тауып алды.

Бұл туралы Vesti.az хабарлады. Бұрынғы үй иесі несие мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуді қойғаннан кейін Виченценің маңында орын тепкен Валле-дель-Пазубио қалашығындағы үй бәссаудаға қойылған.

Ықтимал сатып алушы сот органдарының өкілдерімен үйді көруге келген кезде бұрынғы үй қожайынының отырған күйінде мумияға айналған мәйітін диваннан тауып алған. Куәгерлер оқиға орнына құқық қорғаушыларды шақыртқан.

Белгілі болғандай, Вальтер Даль-Дзотто есімді ер адам бір жылдан астам уақыт бұрын жұмыссыз қалып, төлемдерді төлеуді доғарған. Кейін жарық кесілгеннен соң үйдің өзі бәссаудаға тігілген. Ал осы уақытқа дейін Даль-Дзоттоны ешкім іздеп келмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы