369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузиялықтар Ғашықтар күнін тойлады

  • 339
  • UPD: 23:29, 15.04.2018

2011 жылдан бері елімізде Ғашықтар күні аталып өтіледі.

Бұл – Қозы Көрпеш – Баян сұлуға құрмет. Дәл осы уақытта грузиялықтар да Ғашықтар күнін тойлайды екен. Бұл дәстүр Кавказ елінде 1994 жылдан бастап қалыптасқан.

Қарағанды тумасы жазушы Мария Щеголихина 7 жылдан бері Тбилисиде тұрады. Шығармашылық шабытының басты көзіне айналған жары Михаил Себуа ертегі кейіпкері секілді сүйіктісін өз отанына таулы өлкеге алып кеткен. Келе-келе Марияның Грузияға деген сүйіспеншілігі де артты. Сол себептен ерлі-зайыптылар үшін 15 сәуірдің орны бөлек.

Мария Щеголихина, жазушы:

Біздің танысуымыз кездейсоқ жағдай емес, бұл маңдайымызға жазылған деп ойлаймыз. Жаратқанның өзі оны Қарағандыға әкеліп, ал мені ол тоқтаған жерге ертіп келген. Әрине, оған ғашық болғанымды түсіндім, оның арқасында Грузияға бой үйреттім, сүйіспеншілігім күшейді. Ол маған осы елді сыйға тартқан іспетті. Осымен махаббатым он екі жыл бойы жалғасып келеді.

Михаил Себуа:

Бүгін, 15 сәуірде Грузия ғашықтар күнін атап өтіп жатыр. Бұл дата Қазақстанда да Ғашықтар күні екенін біліп, таңғалдық. Осы мейрамды міндетті түрде тойлаймыз. Қазақстан мен Грузиядағы бүкіл ғашықтарды осы мерекемен құттықтаймын. Бұл – елдерімізді біріктіретін мейрам.

Грузияда ғашықтар күнін тойлауды осыдан 24 жыл бұрын журналист Бесик Чубинидзе ұсыныпты. Осылайша ол жан жарына ерекше сый жасамақ болған. Ал ел парламенті осы бастамасын қолдап, 15 сәуірді Ғашықтар күні ретінде бекіткен.

Бесик Чубинидзе, журналист:

– Қазақстанда да 2011 жылдан бері ғашықтар күні аталып жүргенін естіп, риза болдым. Махаббаттың тілі де, ұлты да жоқ, ол ғашықтар арасындағы жоғары сезім. Грузия жерінен бүкіл қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтап, мол бақыт, зор денсаулық тілеймін.

Бұл күні, әрине, гүл мен сыйлық сататын дүкендердің саудасы қызып тұр. Тбилисиде Ғашықтар үшін арнайы шаралар концерттер, кинокөрсетілімдер мен саяхаттар ұйымдастырылған. Алғашында бұл мереке батысеуропалық Валентин күніне балама ретінде ойластырылған еді. Алайда грузиндер жаңа мейрамды қуана қабылдағанмен, ескісін де әлі естен шығара қоймаған.

Авторы: Анна Анастасиади

Осы категория бойынша: « Италияда ескі иесінің мәйіті бар үй сатылымға қойылған Қырғызстанда орман алқаптары азайып барады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы