389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен одақтастарының Сирияға соққысы Азия биржаларына әсер еткен жоқ

  • 405
  • UPD: 12:33, 16.04.2018
АҚШ пен одақтастарының Сирияға соққысы Азия биржаларына әсер еткен жоқ

АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға әуеден соққы жасауы Азияның қор нарығына аса ықпал ете қойған жоқ.

Дегенмен, таңғы сауда бастала сала Токионың негізгі индексі Nikkei 0,18 пайызға көтерілді. Оңтүстік Кореялық нарықтағы KOSPI- да 0,20 пайызға жоғарылаған. Ал Гонконг қор биржасы ашылған сәтте негізгі индексі Hang Seng 0,43 пайызға төмендеді деген ақпарат тарады. Алайда Рейтер ақпарат агенттігі Hang Seng-тің 0,13 пайызға өскенін хабарлады. Сондай-ақ валюта бағамында доллар нығая түсті. Ал Брент маркалы қара алтын 66 центке арзандап, бір баррелі 71,92 АҚШ долларына саудаланды.

Айта кетейік, 14 сәуір күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолданды деген айыппен осы елдің аумағына әуе соққыларын жасады. Сарапшылар бұл Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтырып, қор нарығына қатты әсер етуі мүмкін деген болатын.

Хабар 24 телеарнасы