378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда ТүркПА-ның ұйымдастыруымен конференция өтті

  • 439
  • UPD: 08:37, 17.04.2018
Ыстамбұлда ТүркПА-ның ұйымдастыруымен конференция өтті

Ыстамбұлда Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының ұйытқы болуымен «гендік модификацияланған өнімдер» және «қалдықтарды кәдеге жарату» тақырыбы бойынша үшкүндік халықаралық конференция басталды.

Жиынның алғашқы отырысында ұйымға мүше мемлекеттердің ауылшаруашылығы саласының мамандарының мазмұнды баяндамалары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар комиссиясының есебі тыңдалды. Биотехнологиялық әдіспен тағам өнімдерінің генетикалық құрамын өзгерту өткен ғасырдың елуінші жылдары ойлап табылған. Мақсат дүние жүзінде халық санының артуына байланысты азық-түлік тапшылығын мейлінше азайтып, адамзат баласын аштықтан аман алып қалу болатын. Алайда гендік инженерияның осы жетістігіне қатысты ғалымдардың өзі әлі күнге дейін бір тоқтамға келген жоқ. Өйткені жасанды тағамдардың адам ағзасына әсері жайлы дәйектен гөрі дақпырт көп. Сондықтан сала мамандары өнімдерді стандарттау мен сертификаттау ісінде бірыңғай жүйе қалыптастырып, сапасын бақылауды күшейту қажеттігін алға тартады. Осы мәселе бойынша ТүркПА-ға мүше мемлекеттер өзара тәжірибе алмасуға әзір.

Фейзуллах Кыйыклык, ТүркПА Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Бүгінгі келелі жиын гендік модификацияланған өнімдер тақырыбына арналды. Басқосуда өте өзекті мәселелер қаралды деп есептеймін. Азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы бар. Біз осы отырыста қолда бар мағлұматтарымызбен бөлісіп, тәжірибе алмасуға уағдаластық.

Ирина Карамушкина, Қырғызстан Жогорку

– Отырысқа қатысушылар тақырыпқа орай өз елдеріндегі заңнамаларды таныстырып қана қоймай, жиын соңында ортақ құжат қабылдайды. Ол гендік модификацияланған өнімдердің елдіміздің нарығына енуіне тосқауыл болмақ. Мұндай жаһандық мәселелерді Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы шеңберінде талқылау өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы