389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадор президенті тілшіні өлтірген қылмыскерге талап қойды

  • 468
  • UPD: 15:12, 17.04.2018
Эквадор президенті тілшіні өлтірген қылмыскерге талап қойды

Эквадор президенті Ленин Морено екі журналист пен олардың жүргізушісін өлтірген Вальтер Патрисио Арисалеға талап қойды.

Мемлекет басшысы оған өз еркімен берілу үшін 10 күн уақыт берді, кері жағдайда «Гуачо» лақап атымен белгілі қылмыскердің басы бітпес дауға қалатынын ескертті. Биліктегілердің айтуы бойынша, ол Эсмеральдас провинциясында қылмыстық топты басқарады. Бұған дейін олардың іс-әрекетінен төрт бірдей әскери қызметкер қаза тапқан. Эквадор билігі қылмыскердің жасырынған жері туралы кез келген ақпарат үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындады. Сондай-ақ Колумбия билігі де 150 мың доллар ұсынып отыр.

Ленин Морено, Эквадор Президенті:

– Біз бейбітшілікті ту еткен елміз. Алайда бізді басынуға ешкімге жол бермейміз. Cол себепті қылмыскердің өз еркімен берілуіне 10 күн уақыт беремін. Кері жағдайда соңы жақсылыққа апармайды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурыз күні Эквадордың Камерсио басылымында жұмыс істейтін екі тілші жұмыс орнында отырған жерінен ұрланған еді. Оқиға Колумбиямен шекаралас жатқан ауданда болды. Ал бірер күннен соң Эквадор билігі тілшілердің қаза тапқанын ресми түрде растады.

Хабар 24 телеарнасы