388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы ЭТА террорлық тобы толық таратылатын болды

  • 317
  • UPD: 14:50, 19.04.2018

Басктер елінің тәуелсіздігі үшін күресіп келген ЭТА лаңкестік тобы мамыр айында толық таратылады.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Мәліметтерге қарағанда сепаратистік топ өткен жылдан бері ешкімнің сойылын соғып, ығына жығылмаған. Былтыр олар Франция полициясына қару-жарақ жасырылған бүкіл қоймаларын тапсырған. Ол кезде құқық қорғаушылар 3 жарым тонна оқ-дәрі мен жарылғыштар тәркіледі.

ЭТА тобы 1959 жылы құрылып, Басктер елінің тәуелсіздігі үшін күресті. Олар Испанияның солтүстігі мен Францияның оңтүстік-батысын басктер жері деп санайды. ЭТА 2011 жылы қарулы қақтығыстар жасауға құлықсыз екендерін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы