389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапурлік инженерлер жиһаз құрастыратын роботтар жасап шығарды

  • 896
  • UPD: 13:34, 20.04.2018

Сингапурде инженерлер жиһазды өздері жинап, құрастыратын роботтарды жасап шығарды.

Жаңа құлтемірлер әдетте жұмысшылар біршама уақыт жинайтын жиһаздың әр бөлшегін өздері тауып, жинауға қауқарлы. Мамандардың жариялаған бейнетаспасында 2 робот бірлесе орындықты 20 минуттың ішінде құрайды. Енді инженерлер келешекте бұл роботтар адамдар дайындап берген бөлшектен зат құрастыратын емес, өздері зерттеп жинайтын жасанды ақыл орнатуды көздеп отыр.

Куан-Чон Фам, инженер:

– Орындықты жинап, құрастыру үшін көп машықтану қажет. Құлтемір керек бөлшектердің қай жерде жатқанын анықтап, оны қалай алуға болатынына дейін білуі тиіс. Біз осының барлығын зерттеп, қиын икемдерді орындайтын робот жасай алдық.

Хабар 24 телеарнасы