388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боракай аралы туристерді уақытша қабылдамайды

  • 416
Боракай аралы туристерді уақытша қабылдамайды

Туристер арасында танымал филиппиндік Боракай аралы 6 ай бойы саяхатшылар үшін жабық болады. Мұндай шешімді жергілікті билік аралдың экологиялық жағдайының нашарлап кетуіне байланысты қабылдады. «Боракайдағы ахуал көңіл көншітпейді, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек», – дейді мамандар. 26 сәуірден бастап мұнда туристердің келуіне тыйым салынды. Қолға алынған шараның кесірінен жергілікті кәсіпкерлер шығынға батуы мүмкін. Бірақ үкімет оларға көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Бұған дейін ел президенті Родриго Дутерте аралды қоқыс төгетін орға теңеп, қонақүйлердің қалдық заттарды теңізге лақтыратынына шүйліккен еді. Айта кетейік, Боракай аралы әлемдегі үздік жағажайлардың қатарында. Былтыр бұл жерге 2 миллионға жуық турист демалуға келген.

БЛИЦ:

– Көше қоқысқа толы. Әрине мұндағы халықтың жағдайы көңіл көншітпейді, олардың қалдықтарды жинастыруға уақыты жоқ. Сондықтан бұл мәселені жергілікті билік шешуі тиіс.

– Бұл – өте күрделі мәселе. Бұл жерге көп турист келеді. Менің ойымша, санитарлық жағдайды жақсартып, су құбырлары мен кәріз жүйесін ретке келтіру керек.

Хабар 24 телеарнасы