389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның ядролық сынақты тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді

  • 329
  • UPD: 10:23, 21.04.2018
Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның ядролық сынақты тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді Комсомольская правда

Солтүстік Корея ядролық сынақ жүргізуді тоқтатып, жойқын қару сыналатын алаңдарды жабады.

Бұл туралы осы елдің басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді. Сонымен қатар ресми Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыруды да доғаратынын хабарлады. Бұл шешімді Вашингтон, Токио және Сеул қолдады. АҚШ президенті Дональд Трамп Ким Чен Ынның қадамын әлем үшін маңызды деп атады. Өзінің Twitter-дегі парақшасында «Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтатып, ірі полигонын жабады. Бұл – осы елді айтпағанда әлем үшін үлкен жетістік» деп жазды. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ де Пхеньянның мәлімдемесін мақұлдап, жоғары баға берді. Енді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан өрлеуіне мән бермек.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

- Біз Солтүстік Кореяның шешімін қолдаймыз. Бұл қадам осы елдегі ядролық бағдарламаның толық жабылып, жойқын қарудың бұдан былай сыналмауын қамтамасыз етсе дұрыс болады.

Хабар 24 телеарнасы