385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Де Мистура Сириядағы химиялық қаруға қатысты оқиғаны тергеуді тездетуді сұрады

  • 328
  • UPD: 17:06, 21.04.2018
Де Мистура Сириядағы химиялық қаруға қатысты оқиғаны тергеуді тездетуді сұрады

БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Химиялық қаруға тыйым салу ұйымынан Думадағы оқиғаны тергеуді тездетуді сұрады.

Бұл ұсынысын Стаффан де Мистура Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде айтты. Себебі ресми Мәскеу бұл шаһарда химиялық шабуылдың болмағанын мәлімдеп, тергеудің оны дәлелдеу керектігін жеткізген еді. Сондай-ақ арнайы өкіл АҚШ пен оның одақтастарының Сирия аумағын зымыранмен атқылауын сынға алды. Оның айтуынша, мұндай әрекет бейбіт процеске кедергі келтіреді.

Стаффан де Мистура, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі:

- Қазір біздің бәрімізге Сириядағы дағдарыстың саяси жолмен шешіліп, халықаралық шиеленіс ауданына айналмауы маңызды. Сирия да, халықаралық қауымдастық та осыны қалайды. Мен Ресейдің саяси процесті одан әрі жалғастырмақ ниетін дұрыс деп санаймын. 

Еске сала кетейік, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының мамандары Дамаскке өткен аптада барған. Бірақ қауіпсіздікке байланысты Думадағы тергеуді кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы