387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда химиялық қару қолданылды деген аумақтан сынамалар алынды

  • 398
  • UPD: 17:21, 22.04.2018
Сирияда химиялық қару қолданылды деген аумақтан сынамалар алынды

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының мамандары Дума қаласына барып, осы қарумен шабуыл жасалды деген аумақтардың үлгілерін алып қайтты.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімдемеге қарағанда, алынған айғақтар Голландияның Ресвейк қаласындағы зертханаға жөнелтілген.

Еске сала кетейік, сәуірдің 7-сі күні Сириядағы үкіметтік емес ұйымның бірі әскерилердің Дума қаласында химиялық қару қолданғаны туралы хабарлады. Дегенмен сәуірдің 13-і күні Дамаск қаласына келген мамандар қауіпсіздікке байланысты 1 аптаға жуық Дума қаласында тергеу жүргізе алмады.

Хабар 24 телеарнасы