388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутада екі адам қаза тапты

  • 398
  • UPD: 12:16, 24.04.2018
Шығыс Гутада екі адам қаза тапты

Сириядағы қарулы топтар Шығыс Гутаның аудандарын атқылап, салдарынан 2 адам қаза тапты.

Тағы 14 кісі жарақат алғын. Бұл туралы соғысушы тараптарды татуластыру орталығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, қарулы топтар бұған дейін жасалған келісімді бұзып, тұрғын үйлерді миналармен атқылаған. Ал әскерилердің мәлімдеуінше, Шығыс Гутадан қашқан тұрғындар біртіндеп үйлеріне оралып жатыр. Қазірге дейін 62 мыңнан астам адам қайтып келген. Сондай-ақ қаланы миналардан тазарту жүргізіліп, шаһарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Еске сала кетейік, үкімет әскері Дамаск түбіндегі Шығыс Гута өңірін шабуылдауды ақпан айында бастап, сәуірдің бас кезінде толықтай бақылауына алды. Ал аймаққа бекінген қарулы топтар уағдаластыққа сәйкес отбасыларымен бірге Идлиб өңіріне көшті.

Хабар 24 телеарнасы