386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізуге қарсы емес

  • 508
  • UPD: 17:26, 24.04.2018
Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізуге қарсы емес

Иран АҚШ-пен арада нәтижелі диалог болса ғана келіссөз жүргізбек.

Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Нью-Йорктегі Сыртқы қатынас бойынша кеңесте осылай деп мәлімдеді. Бірақ қазіргі Ақ үй әкімшілігі тұсында келіссөз жүргізу мүмкін емес. Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия Иранмен жасалған келісімге қосымша шарт дайындау үшін топ құрған болатын. Себебі президент Дональд Трамп оны сынға алып, егер келісім өзгертілмесе, құрамнан шығатынын ескертті. Соңғы мерзім ретінде мамырдың 12-сін ұсынған. Өйткені осы күні Дональд Трамп Ираннан санкцияларды алу тәртібін қайта ұзартуы тиіс.

Мохаммад Джавад Зариф, Иранның Сыртқы істер министрі:

– Трамп билік басына келгелі бері АҚШ Қаржы департаментінің шетелдік активтерді бақылау қызметі бірде-бір рет рұқсат қағазын берген жоқ. Яғни АҚШ келісімді бұзып отыр. Біз бұл құжатқа зор үміт арттық. Бірақ нәтижесі күткендей болмады.

Хабар 24 телеарнасы