386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньдықтар зейнетақыны қысқарту реформасына қарсы көтерілді

  • 311
  • UPD: 07:42, 26.04.2018
Тайваньдықтар зейнетақыны қысқарту реформасына қарсы көтерілді

Тайваньда мыңдаған адам үкіметтің зейнетақыны қысқарту туралы реформасына қарсы наразылық шеруіне шықты.

Парламент алдына жиналғандар полициямен қақтығысып, 30 адам қамауға алынды. Себебі кейбір ереуілшілер қорғаннан өтіп, ғимаратқа кіруге ұмтылған. Ал халықтың наразылығын туғызған заң жобасы парламентте бүгін, яғни 26 сәуір күні талқыға түсуі тиіс. Қарсылық білдірушілер депутаттардан әлгі жобаны қабылдамауды талап етіп отыр. Алайда билік егер мұндай реформа жүргізілмесе, 2020 жылға қарай елдегі кей зейнетақы қорлары банкротқа ұшырайды дейтін көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы