385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда ел тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді

  • 363
  • UPD: 09:24, 26.04.2018
Испанияда ел тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді

Испанияда полиция ел тарихында ең ірі кокаин есірткісі партиясын тәркіледі.

Тәртіп сақшылары көлемі 9 тоннаға жуықтайтын жүкті Альхесирас кемежайында банандар салынған жәшіктердің ішінен тапқан. Кокаинды Колумбияның Турбо қаласынан жергілікті фирманың бірі жіберген. Қазір іске қатысты 6 адам тұтқындалды. Олардың екеуі Францияның Лион қаласында қамауға алынды. Бірақ осы оқиғаға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Ал тәркіленген есірткінің құны қара нарықта 244 миллион доллар тұрады екен.

Айта кетейік, кеденшілер өткен жылы да дәл осы Альхесирас кемежайында 6 тоннаға жуық есірткіні қолға түсірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы