387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде су тасқынынан опат болған студенттер жерленді

  • 377
  • UPD: 08:09, 29.04.2018

Израиль су тасқыны кезінде опат болғандармен қоштасты.

Айтпай келген апат жасөспірімдердің өмірін жалмаған еді. Қазір тәртіп сақшылары балалардың қауіпті аймақта қалай қалып қойғандығын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы іс бойынша үш адам тұтқындалды.

Бұл әскери дайындық курстарының тыңдаушыларына арналған қарапайым экскурсия болатын. Бағдарламаға сәйкес олар шөл далада түнеп, ары қарай суы жоқ жылғаны бойлап, жаяу жүріп өтулері тиіс еді. Дегенмен апат айтпай келеді. Тосыннан көтерілген су бейқам жатқан студенттерді басып қалған.

Құтқару операциясы бірден басталған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен құтқарушылар келген. Өкінішке қарай, 25 студенттің тек 14-і ғана құтқарылды. Зардап шеккендер мен ауыр жарақат алған жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетілді.

Антон Леванов, нұсқаушы:

Бірнеше қателік кеткен. Біріншіден, қауіптің төніп тұрғанына ешкім қарамаған. Екіншіден, ауа райының қолайсыздығын біле тұрып, қауіпті аумаққа экскурсияға бару жағдайы.

Қайғылы оқиға кезінде опат болған 9 бойжеткен мен бір бозбала жерленді. Олардың жастары 17 мен 20 жас аралығында. Ел үшін бұл қаралы күн болды. Соңғы күндері су тасқыны салдарынан 13 адам көз жұмған. Тағы біреуі із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Өкініштісі өлі теңізге жақын аумақтар қауіпті аймақ болып саналғанымен, осындай қайғылы оқиғалар азаяр емес.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы