386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде 500 жыл бұрын жаппай жерленген балалардың мәйіттері табылды

  • 530
  • UPD: 11:38, 29.04.2018

Перудің солтүстігінде археологтар 500 жыл бұрын жаппай жерленген балалардың мәйітін тапты.

Трухильо қаласының маңындағы қорым құрбандыққа шалу орны болған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде мамандар 140 бала мен 200 таутайлақтың сүйектерін аршып шығарған. National Geographic журналының жазуынша, бұл – тарихтағы ең ірі балаларды жаппай жерлеу қорымы.

Айта кетейік, шамамен X ғасырда пайда болған Чиму мәдениеті Перуден Эквадор аумағына дейін таралған. 1470 жылы оларды инктер жаулап, одан кейін XVI ғасырда испандықтардың шабуылынан толықтай жойылып кеткен.

Габриэль Прието, археолог:

– Қорымда табылған мәйіттердің барлығы – 5 пен 15 жас аралығындағы балалар. Оларды кеуделері кесіліп, жүректері алынған. X-XV ғасырлар аралығында дәулет құрған Чиму мәдениетінде өз ұрпақтарын құрбандыққа осылай шалған.

Хабар 24 телеарнасы