384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мали тұрғындарына лаңкестік шабуыл жасалды

  • 257
  • UPD: 11:05, 29.04.2018
Мали тұрғындарына лаңкестік шабуыл жасалды

Малиде бекінген лаңкестер қарапайым халыққа екі рет шабуыл жасап, 40 адамды мерт қылды.

Бұл туралы Менака аймағының губернаторына сілтеме жасап, жергілікті арналар хабарлады. Мәліметтерге қарағанда лаңкестер орталықтан шалғайда жатқан елді мекендерге шабуылдаған. Қастандықтан қаза тапқандардың басым бөлігі – Туарег тайпасының өкілдері. Әзірге содырлардың мұндай шабуылға не мақсатта барғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы