386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия мұғалімдері аштық жариялады

  • 489
  • UPD: 13:12, 29.04.2018
Италия мұғалімдері аштық жариялады

Италияда мұғалімдер аштық жариялап, білім министрлігі ғимаратының алдында түнемек.

Орта педагогикалық білім алған ұстаздардың біліктілігі енді жарамсыз деп танылды.

Кадрлық резервте тұрған 55 мың мұғалімге қатысты мұндай шешімді мемлекеттік кеңес мүшелері шығарды. Жаңа ережеге сай оқу жылының соңына қарай 7 мың ұстаз жұмыстан босайды. Бұған дейін олар биліктің шешіміне қарсы бірнеше ереуіл өткізді. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмады. Енді амалы таусылып, министрлік алдына келген педагогтар «ведомства басшысы сөзімізге құлақ аспаса кетпейміз» деп бекініп отыр. Қазір ереуілге шыққандар саны екі мыңға жуықтайды. Алдағы күндері олардың қатарына елдің түпкір-түпкірінен келген ұстаздар қосылмақ.

Лучия Дель Джудиче, мұғалім:

– Билік басындағылар ақылға келіп, бұл шешімінен бас тартады деп ойлаймыз. Бір отбасыны асырап отырған ата-аналар бар. Аштық жариялау олардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Билік біздің жан айқайымызға құлақ асса, ортақ мәмілеге келеміз деген үміттемін.

Элена Де Мео, мұғалім:

– Талабымыз орындалмаса, кері шегінбейміз. Әліміз келгенше күресеміз. Билік өкілдері алдымызға шығып, сұрақтарымызға жауап берсін.

Хабар 24 телеарнасы