389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия «түнгі экономиканың» көмегімен бюджет толықтыруды көздейді

  • 556
  • UPD: 19:47, 29.04.2018

Грузияда кешкі ойын-сауық түрлері енді белсенді түрде дамымақ. Сол арқылы елге келетін туристердің қатары артып, мемлекеттік қазына көлемі ұлғая түспек.

Тбилиси мэрі Каха Каладзе осындай бастама ұсынды. Шаһар басшысы «түнгі экономиканы» дамыту ісін белгілі грузиялық продюсерге жүктепті.

Лондон, Париж, Берлин, Нью-Йорк. Бұл түнгі экономикасы қарқынды дамыған шаһарлар. Бұл ауқымды алып қалалардың тізіміне жақында Тбилиси де қосылмақ. Мұнда алдағы жарты жылда қаланың түнгі өмірін  түбегейлі дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.

Серги Гварджаладзе, «Түнгі экономика» жобасын дамыту жөніндегі жетекші:

- Соңғы айларда түнгі экономикасы қарқынды дамыған қалалардың тәжірибесін зерттедік. Ең бастысы түрлі байланыстар жүйелі жүзеге асуы шарт. Бірінші орында халықпен тіл табысу маңызды. Және де халықаралық деңгейдегі байланыстарды басты қаперге алуымыз тиіс.

Түнгі экономика дегеніміз не? Ол қаланың  сауықтыру орталықтары: клуб, бар және мейрамханалар. Бүгінде Тбилисидің тарихи орталығында  24 сағат бойы жұмыс істейтін санаулы ғана демалыс орындары бар болса керекті. Үкімет болашақта шаһардың түнгі өмірін шат-шадыман ете түсуді жоспарлауда. Ол арқылы туристердің қатары да арта түсетіні  сөзсіз.

Каха Каладзе, Тбилиси мэрі:

- Біз туристер Грузияға келгеннон соң, көп уақытын Тбилисиде өткізетіндей жағдай жасауымыз керек. Күш-жігердің барлығын сонда салуымыз тиіс. Тбилисиде өткізген әрбір күн қаланың және мемлекеттің қазынасына құйылатын қосымша қаражат екені ақиқат. 

Дегенмен, жоба авторларына межелі мақсатқа жету оңайға соқпасы анық. Мысалы, заң бойынша қалада кешкі 23:00-ден кейін шулауға болмайды. Бұл басты кедергілердің бірі.

Серги Гварджаладзе, «Түнгі экономиканы» жобасының дамыту жөніндегі жетекшісі:

- Біз қазір заңгерлермен жұмысты бастадық. Сол себепті бұл мәселенің ыңғайлы шешімін табуымыз керек. Мысалы, Берлинде бұл проблема 10 жылдың төңірегінде шешілді.  Содан  кейін  ғана биліктің рұқсатын алды. Ал Тбилисиде керісінше. Қаланың мэриясы қолдап отыр. Демек, мәселе тез арада шешім табатынына күмәніміз жоқ.  

Жаңа жобаның тағы  бір кемшін тұсы - түнгі  қоғамдық көлік мәселесі. Дегенмен, Тбилисиде кешкі ойын-сауықты  дамытуға ниетті  жеке кәсіпкерлер бұл проблема да оңтайлы шешілетініне сенімді. 

Авторлары: Анна Анастасиади, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы