389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда тәртіпті көлік жүргізушілеріне жеңілдік жасалады

  • 507
  • UPD: 07:41, 30.04.2018
Италияда тәртіпті көлік жүргізушілеріне жеңілдік жасалады

Италияда жаңа заң күшіне енді.

Аталмыш құжат бойынша сақтандыру компаниялары енді тәртіпті жүргізушілердің сақтандыру полисіне жеңілдік беруге міндетті. Мұндай полиске ие болу үшін әр көлік иесі алдын ала өз темір тұлпарын қарап шығуға рұқсат беруі тиіс. Сонымен қатар аталмыш жеңілдік машинасына «қара жәшік» немесе мас жүргізуші рөлге отырса, көлік қозғалтқышы автоматты түрде бұғатталатын «алколок» жүйесін орнатуға келісім беретіндерге де тиесілі болмақ. Мұндай құрылғылар автокөлік иелерін тәртіпке салады деп есептейді сақтандыруды қадағалау институтының мамандары. 

Стефано Паскуалини, Италия сақтандыруды қадағалау институты бөлімінің басшысы:

- Қазірдің өзінде «қара жәшік» Италияда кең тарала бастады. Бастапқыда ол сақтандыру алаяқтығына қарсы қолданылған болатын. Бұл құрылғы көлік көрсеткіштерін тіркей отырып, апат болған кезде жағдайды анықтауға, кінәліні табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «қара жәшік» орнатылған көліктің апатқа түсу қаупі де азаятыны белгілі. Жүргізуші көлікті ұқыпты жүргізсе, ол сақтандыру жарнасын аз мөлшерде төлеуге құқылы.

Хабар 24 телеарнасы