384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда ауа температурасы 30 градусқа дейін жетті

  • 392
  • UPD: 14:38, 30.04.2018
Германияда ауа температурасы 30 градусқа дейін жетті

Демалыс күні Мюнхенде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтерілді.

Сәуір айының соңғы күндері күн күрт жылып, ел ерекше қуанды. Тұрғындар күн көзіне қыздырынып, суға түсуге ұмтылды. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейтін орталық бассейн де өз жұмысын екі күн ерте бастады. Ал кейбір мюнхендіктер Изар өзені жағасындағы Флаухер паркінде кәуәп пісіріп, табиғат аясында демалды.

Беата Байер, Мюнхен тұрғыны:

- Біз бұл паркке бірінші рет келіп отырмыз. Күн ыстық кезде жанға сая екен. Бәріне ұнайтын шығар. Демалыс күндеріңізді осында өткізіңіздер дегім келеді.

Адам Дуда, Мюнхен тұрғыны:

- Ауа райы тамаша. Күн шығып, дала ыстық. Бәріміз осындай керемет күнді біраз күттік.

Алайда синоптиктердің болжауынша, келесі аптадан бастап күн қайта суытады. Ауа райы мөлшері 15-17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы