389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде тек әрбір оныншы адам ғана таза ауамен тыныстайды

  • 516
  • UPD: 14:50, 02.05.2018

Ауа құрамындағы улы газдар тудыратын ауру кесірінен жер бетінде жыл сайын 7 миллиондай адам көз жұмады.

Олардың 90 пайызға жуығы Азия мен Африкада орналасқан кедей мемлекеттердің азаматы. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Деректерге қарағанда бүгінде өмір сүріп жатқан 10 адамның 9-ы ластанған ауамен тыныс алады. Бұл өкпені асқындырып, жүрек жұмысының қалыпты түрде істеуіне кері әсер етеді. Сондай-ақ адамды өлімге әкелетін қатерлі дертке шалдықтырады. Ал ауаның ластануы жылдан жылға артып барады. Ұйым мамандары ғаламшардағы ахуалды жақсарту үшін әлем елдерін бірлесе әрекет етіп, тасымалдың экологиялық таза түрін дамытуға, жасыл энергияны қолдануға және қалдықтарды жою немесе қайта өңдеудің тың тәсілін табуда ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Мария Нейра, ДДСҰ өкілі: 

- Ауаның ластануынан осыншама адамның көз жұмып жатқаны бей-жай қарайтын жағдай емес. Бұл әлемдік мәселе. Ауаның улы болуы барлығымызға қауіпті. Бірақ бүгінде оның зардабын кедей мемлекеттің азаматтары көріп жатыр. Жаһан халқының 40 пайыздан астамы тұрмыстық өмірде таза технологияны пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Тез арада оң шешімдер қабылдауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы