388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та президент сайлауы кезінде Трампты жарнамалаған компания жабылады

  • 473
  • UPD: 17:56, 03.05.2018
АҚШ-та президент сайлауы кезінде Трампты жарнамалаған компания жабылады http://www.ansa.it/

Басы дауға қалған «Кембридж Аналитика» компаниясының Ұлыбританиядағы бөлімшесі жабылады.

Сондай-ақ Нью-Йорктегі филиалы да құжаттарын жинақтай бастаған. Бұл компания 2016 жылы АҚШ президентін сайлау науқанында әлеуметтік желілер арқылы Дональд Трампты жарнамалаумен айналысқан. Кейін осы істі жүргізу барысында Фейсбук қолданушыларының жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланды деп басы дауға қалды. Компанияның өзі жабылып жатса да қызметкерлері ақталып отыр. Оның негізін қалаушылардың бірі Найджел Оукстің айтуынша, соңғы айларда компанияның ізіне түскендер көп болған екен. Ал мекеме қызметінің ақ-қарасын тексеріп жатқан Ұлыбритания парламенті «оның жабылуы «Кембридж Аналитикаға» қатысты тергеу жұмыстарына кедергі келтірмеуі қажет» дейді. Сондай-ақ осыны сылтауратып, маңызды құжаттарды жойып жібермеуді ескертті.

Дамиан Коллинс, Ұлыбритания заң шығару комитетінің төрағасы:

- Компания филиалдарын жабу арқылы айғақтарды жойып, жіті тергеуден құтылуды көздеп отырған болуы да мүмкін. Сондықтан ол жабылғанымен жауапты адамдарға қатысты тергеу жалғасады. Анық-қанығына көз жеткізуіміз керек. Заңды бұзғандар бұл жерден сытылып ертен басқа жерден өзгеше компания ашып алуы да ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы