387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода арнайы операция кезінде 6 адам қаза тапты

  • 338
  • UPD: 11:37, 04.05.2018
Рио-де-Жанейрода арнайы операция кезінде 6 адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, салдарынан 6 адам қаза тапты.

Тағы 8 кісі қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Жарақат алған 3 адамның біреуі – тәртіп сақшысы. Алдына ала дерек бойынша екі винтовка мен 4 тапанша тәркіленген. Бұл операция бірнеше күн бұрын полицейді өлтірген күдіктілерді ұстау мақсатында ұйымдастырылған. Қаладағы тәртіп соңғы уақытта күрт нашарлап кетті. Осы жағдайға байланысты Бразилия президенті штаттағы құқық қорғау органдарын басқаруды әскерилерге тапсырған.

Айта кеткен жөн, Фавела – Рио-де-Жанейродағы ең қауіпті аудан. 2002 жылы осы аттас бразилиялық фильм жарыққа шығып, Оскар жүлдесіне ұсынылған болатын. Көркем фильмде осы ауданда туып-өскен екі жасөспірімнің өмірі мен олардың жергілікті қылмыстық топ өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.

Антунес, жергілікті полицияның басшысы:

Әдетте біз мұндай операцияларды күндіз жүргізбейміз. Бірақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай қадамға барып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы