386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы Гондурас азаматтары еліне қайтарылуы мүмкін

  • 372
  • UPD: 15:15, 05.05.2018
АҚШ-тағы Гондурас азаматтары еліне қайтарылуы мүмкін

АҚШ-та тұрып жатқан 57 мың Гондурас азаматы елден депортациялануы мүмкін.

Бұған америкалық биліктің мигранттарды  арнайы мәртебеден, дәлірек айтқанда, «уақытша қорғалған тұлғалар» мәртебесінен айыру туралы шешімі түрткі болып отыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Айта кеткен жөн, ресми Вашингтон бұл мәртебені 1999 жылы болған «Митч» жойқын дауылынан кейін енгізген болатын. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі көші-қон ережелерін қайта қарастырғаннан кейін, Гондурастағы өмір сүру деңгейі жақсарды деген қорытындыға келіп, мигранттарды отанына қайтармақ ниетте. Құжат 18 айдан кейін күшіне енеді. Осы уақыт аралығында Гондурас азаматтары Құрама Штаттардан кетуі тиіс не АҚШ-та тұру үшін басқа көші-қон мәртебесін алуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы