384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды

  • 534
Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды, оның ішінде жетеуі – шетелдік спортшы.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған. Кеше 13 адамның ауруханаға түскені мәлім болды. Түнде тағы 5 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.

«Зардап шеккендердің арасында 11-і қырғызстандық, біреуі ирандық және Араб Әмірліктерінің 6 азаматы бар», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде. Зардап шегушілер тамақтан улануы мүмкін. «Қазір анализ жүргізу үшін барлық сынамалар алынды. Ауруханаға түскен азаматтардың жағдайлары бірқалыпты», – деді ведомствода.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы