383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды

  • 251
  • UPD: 11:59, 08.05.2018

Ливандағы парламент сайлауында АҚШ пен өзге де бірнеше мемлекетте лаңкестік ұйым деп танылған «Хезболла» тобын жақтаушылар жеңіске жетті.

Енді заң шығарушы органның жартысынан көбі, осы радикалды шиит ұйымын қолдаушылар болмақ. Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша «Хезболла» мүшелері парламенттегі 128 мандаттың 67-не иелік еткен. Ливан ішкі істер министрі  Нохад Машнуктың айтуынша, парламент сайлауына халықтың 49 пайызы ғана қатысқан. Бұл ливандықтардың саяси өмірде белсенділігінің төмен екенін көрсетеді. Мысалы, ел астанасы Бейрутта небәрі 30 пайызды құраған.

Айта кетейік, Ливан парламентіндегі 128 мандатқа 917 үміткер тіркелген. Елдегі саяси дағдарысқа байланысты Парламент сайлауы 2009 жылдан бері алғаш рет ұйымдастырылды. Алайда қарапайым халық сайлау елдегі жағдайды жақсарта қояды дегенге сенбейді. 

Мохаммед Аббас, такси жүргізушісі: 

- Мен қаладан алысырақ ауданда тұрамын. Сондықтан сайлауға қатыса алмадым. Шынымды айтсам, бұл парламент сайлауы елде болып жатқан жағдайды жақсартады дегенге сенбеймін.  Халықтың тұрмысы қандай болды, солай болып қала береді. 

Мохаммед Мерхи, қала тұрғыны: 

- Елді басқару жүйесінде ештеңе де өзгермейді. Саясатта жүргендердердің барлығы бір-біріне туыс. Біреуі кетсе, оның орнына сол адамның баласы, тіпті болмаса туған бауыры келері анық.

Хабар 24 телеарнасы