384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экстремал Франсуа Жисси әлемдік рекорд орнату барысында қаза тапты

  • 405
  • UPD: 12:07, 08.05.2018
Экстремал Франсуа Жисси әлемдік рекорд орнату барысында қаза тапты Prosports.kz

5 мамырда атақты француз велосипедші Франсуа Жисси 2014 жылы орнатқан әлемдік рекордын жаңарту барысындағы дайындық кезінде қаза тапты, деп жазады Prosports.kz.

Жисси Францияның солтүстік-шығысындағы Мюншуз қаласындағы бұрынғы әскери базада дайындықтан өткен. Ол сағатына 300 км жүретін екі доңғалақты автокөлікті 4 секундта қуып жеткен.

Белгісіз себептер бойынша француз рөлді басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Дәрігерлер атақты ұшқыш-велосипедшінің өмірін құтқара алмады. Франсуаның жаттығуларын оның отбасы мен достары бақылаған. Полицияның айтуынша, рекорд орнатушының жабық жолды пайдалануға рұқсаты болмаған.

Еске салайық, 2014 жылы Франсуа Жисси сағатына 333 км жүретін реактивті велосипедті қуып жеткен болатын, бұл жолы ол 400 км-ді бағындырғысы келді.

Хабар 24 телеарнасы