384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шешімін жариялайды

  • 425
  • UPD: 14:51, 08.05.2018

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шешімін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Вашингтон уақытымен 14:00-де жариялайды.

Ол өз мәлімдемесінде АҚШ-тың бұл келісімнен  бас тартатынын немесе қолдайтытын ашық айтады.

Тhe New York Times басылымының  хабарлауынша, Америка ядролық келісімнен шығуы мүмкін. Өйткені еуропалық дипломаттар Дональд Трампты райынан қайтара алмады.

Айта кетейік, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге 2015 жылы Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германия елдері мен Иран қол қойған. Нәтижесінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі, АҚШ және Еуроодақ Тегеранды экономикалық және қаржылық санкциялардан босатқан болатын. Дегенмен, Трамп президент болмай тұрып, бұл келісімді сынға алып, оны түбегейлі өзгертетінін немесе бас тартатынын айтқан.

Хабар 24 телеарнасы