389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде Гийена Барре синдромынан 22 адам көз жұмды

  • 504
  • UPD: 12:52, 11.05.2018
Перуде Гийена Барре синдромынан 22 адам көз жұмды РИА Новости

Перуде Гийена Барре синдромы өршіп тұр.

Бұл – бұлшықеттің әлсіздігінен көрініс табатын өте сирек аутоимундық ауру. Осыған дейін бұл дерттің белгілерімен 19 тұрғын тіркелген болатын. Ал қазір науқастар саны 22-ге жетті. Елде жаппай эпидемиологиялық алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сирек кездесетін сырқат түрінің қалайша таралып кеткені әзірге белгісіз. Жергілікті билік анализдердің нақты зертханалық нәтижесі шықпағанша, ауруханаларда жатқан барлық науқастарды Гийена Барре сырқатына тексеру керек дегентапсырма берді.

Айта кету керек, бұл вирус та Зика безгегі сияқты маса арқылы таралады. Ғалымдардың айтуынша, кей жағдайда синдром сал ауруына әкеледі. Бірақ көп жағдайда толықтай емделіп кетуге болады. Алайда уақтылы дәрігер қарауында болмаған науқаста тыныс алудағы қиындықтарға байланысты өлім қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы