384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина экономикасы тығырыққа тірелді

  • 679
  • UPD: 14:38, 12.05.2018
Аргентина экономикасы тығырыққа тірелді

Аргентина президенті Ресейде өтетін дүниежүзілік доп додасына құрметті қонақ болып келуі екіталай.

Себеп – ел экономикасының еңсе тіктей алмауы. «Ла насен» басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап осындай ақпарат таратты. Әлгі дереккөз «Макри әлем чемпионатына бара алмайды, елден кетсе, ойсырай ұтылатыны анық», – дейді.

Естеріңізде болса, Аргентина басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында теңбіл доп жарысын келіп тамашалаудан үмітті екенін айтқан. Алайда әлжуаз экономика өз дегенін жүргізіп тұр. Ұлттық валюта песо да күннен-күнге құнсызданып барады. Макри қаржы институттарының көмегіне зәру. «Блумберг» агенттігі қажетті қаржы 30 млрд АҚШ доллары көлемінде дегенді алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы