386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марсты зерттеуге тікұшақ қолданылады

  • 590
  • UPD: 17:23, 12.05.2018
Марсты зерттеуге тікұшақ қолданылады

АҚШ-тың ғарыш агенттігі Марсты зерттеу үшін тікұшақты қолдануды қолға алып жатыр.

Ол қызыл ғаламшарға 2020 жылға қарай ұшырылмақ. Мақсат – ондағы тіршілік көздерін зерттеумен бірге осы әуе көлігінің ұшу қабілетін тексеріп көру. Тікұшақ қашықтан басқарылады. Көлемі доптай, ал салмағы 2 келідей болатын құралды дайындауға 4 жыл уақыт кеткен. Бірақ қазіргі ұшақтарға қарағанда оның қауқары 10 есе артық. Минутына 3 мың айналым жасайды. Сөйтіп, NASA-ның бұл құралы басқа ғаламшарда алғаш рет қолданылатын тікұшақ болмақ.

Хабар 24 телеарнасы