389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Итальяндар жаһандағы азық-түлік тапшылығы мәселесіне өз шешімін ұсынды

  • 873
  • UPD: 11:47, 13.05.2018

Жер бетінде халық саны артқан сайын азық-түлік мәселесі де өзекті болып келеді. Жаһан жұртына азық қайдан табылады?

Ғалымдар мәселесіні шешудің бір жолы жаңа азық-түлік өнімдерін шығару дейді. Еуропалықтар медузаға көшкен жөн деп отыр.

Cұйық қамырда пісірілген медуза. Мұндай таңсық тағам түрі әзірге мейрамханаларда жоқ. Бірақ теңіз жәндігін пісіру түк қиын емес дейді азық-түлік саласының сарапшысы Франческо Лорето. Оның айтуынша, жоғарғы температурада медузадағы барлық улы заттар жойылады. 

Франческо Лорето, Италияның Ұлттық зерттеу кеңесі департаментінің директоры:

- Медуза салмағының 95 пайызы судан тұрады. 3-4 пайызын протеин, әсіресе коллаген құрайды. Сондықтан егер адамдар медузаны тағам ретінде пайдаланатын болса, ол протеин көзі ретінде денсаулыққа өте пайдалы ас түріне айналуы мүмкін. 

Италия ғалымдары Германия, Норвегия, Португалия және басқа елдермен бірлесіп «Гоу Джелли» деп аталатын еуропалық ғылыми жобамен айналысып жатыр. Олар медузаны зерттеуге кірісті. Мақсаты - теңіз жәндігінің косметика, тыңайтқыш, тазалағыш фильтр жасау және азық-түлік өндірісінде пайдаланудың жолдарын қарастыру.

Қазір Жер шарында 200-ден астам медуза түрі бар, кейбірінің ұзындығы 2 жарым метрге дейін жетеді. Олар мұхит, теңіздерде көптеп кездеседі, оның үстіне соңғы жылдары медуза популяциясы өсіп келеді.

Федерико Ди Пента, Marevivo экологиялық ассоциясының маманы:

- Медузамен қоректенетін жыртқыштар саны азайды, сондықтан олар тез көбейіп жатыр. Бұған әсер ететін тағы бір фактор бар. Ол климаттың өзгеруі. Жылы су олардың өсіп-өнуіне көп септігін тигізеді. Егер де адамдар бұл жәндікті тағам ретінде тұтынатын болса, экожүйедегі тепе-теңдікті сақтап қалуға болар еді.

Жаңа азықты, яғни балдырлар мен түрлі жәндіктерді сатуға Еуроодақ биыл ресми түрде рұқсат берді. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындары үшін медузадан жасалған тағамдар таңсық емес. Сарапшылардың айтуынша, болашақта медуза таптырмас ақуыз көзіне айналады.

Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы