387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гавай аралдарындағы жанартаудың кесірінен халық әбігерге түсті

  • 1351
  • UPD: 11:12, 14.05.2018

АҚШ-тың Гавай штатында жергілікті билік тағы бір елді мекеннің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылдады.

Аймақта атқылаған Килауэа жанартауынан ұшқан күл жүздеген метрге дейін жетеді екен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақ үй басшысы Дональд Трамп штатқа апат салдарымен күрес үшін қаражат бөлген еді. Мамандардың болжамы бойынша жанартау жақын күндері атқылауы мүмкін.

Айта кеткен жөн, аймақтан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы дерек жарияланбады. Килауэа жанартауы жаһандағы ең белсенді жанартаулардың қатарына кіреді. Оның биіктігі 1247 метрді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы