385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Той-думаны таусылмайтын Канн қаласының лаңкестерден қорғану жолы ойластырылған

  • 488
  • UPD: 14:35, 14.05.2018

Алдағы уақытта жер бетінің 5 миллион тұрғыны жұмысынан айырылуы мүмкін. Себебі техникалық прогресс алға басқан заманда цифрлық технология әлеуметтік теңсіздікті одан сайын күшейте түседі.

Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, бүгінгі күннің өзінде әлем елдерінде капиталды ірілендіру ең жоғары деңгейге жетті. Қазіргі таңда батыс саясаткерлері мен кәсіпкерлерді толғандырып отырған бір ғана мәселе бар. Ол босқындар дағдарысы. Бұл жайында Бүкіләлемдік экономикалық форум мен Дүниежүзілік банктің баяндамаларында да, әртүрлі диалогқа құрылған алаңдарда да айтылып келеді.

Өйткені ЕО әлі күнге дейін босқындар мәселесін шеше алар емес. Бір Германияның өзі бұған жылына 55 млрд еуро құйып отыр. Ал ЕО-ның әр саммитінде қабылданып жүргені қағаз жүзіндегі шешімдер. Жалпы жүз мыңдаған адамның ескі құрлыққа кетуіне түрткі болған нәрсе кедейшілік пен жұмыссыздық екені анық. Жақсы өмір іздеп Еуропаға барып жатқандардың арасында экономикалық мигранттар мен ЕО қауіпсіздігіне қатер төндіретіндер де жетіп артылады. Оған дәлел ретінде Париждегі, Брюссельдегі, Берлин мен Ниццадағы соңғы лаңкестік әрекеттерді айтуға болады.

Франк Шикли, Канн қаласының вице-мэрі:

- Лаңкестікпен күреске келер болсақ барлық мемлекеттер өзара ақпарат алмасқаны жөн. Бұл өте маңызды шаруа. Мәселен, Канн – көп ұлтты қала. Жойқын терактіге жол беріп алмас үшін бар күшті сол жерге шоғырландыруымыз қажет. Сонымен қатар ресурс алмасқанның да еш артығы жоқ.

Канн – Франциядағы бейнебақылау камералары көп қала. Небәрі 75 мың тұрғыны бар шаһар үшін 600-ден аса бейнебақылау камерасы бар желі жұмыс істейді. Муниципальді полицей қызметі – Франциядағы ең саны көп саланың бірі. 

Франк Шикли, Канн қаласының вице-мэрі:

- Лаңкестер қауіпсіздік жүйесінен кемшілік іздейтін сценарий ойластырады. Канн – жыл он екі ай мерекелік іс-шаралар өткізетін интернационалды қала. 2015 жылы Канн мэрімен бірге қауіпсіздік жөніндегі халықаралық аудитке сұраныс жібердік. Сол кезден бастап лаңкестер пайдалануы мүмкін деген барлық мәселелер мен кемшіліктерді анықтау үшін халықаралық сарапшылар тобы жұмыс істей бастады.

БЛИЦ

Люсьен Астье, Канн қаласының тұрғыны:

- Ниццада болған жағдай қайталанбаса екен деймін. Билік өкілдері жеке аумаққа көлікпен немесе жүк көлігімен кіруге тыйым салды. Қалада 600-ге жуық камера бар дейді. Қауіпсіздігіміз толығымен бақылауда болғаны ғой.

Фредерик, Канн қаласының тұрғыны:

- 14 шілдеде теракт болған күні Ниццада едім. Содан бері барлық жерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мұндай жағдай әлемнің кез келген жерінде орын алуы мүкін. Тек Канн қаласында емес. Біздің қауіпсіздігімізге аса мән берілген.  

Әлемдегі 700 млн адамның жоқшылықтан кедейшілікке өту кезеңі цифрлық технологияның дамуымен тұспа-тұс келді. Қазір кез келген адам ғаламтордан Еуропада босқын мәртебесін қалай алып, ай сайын қанша жәрдемақы алатынын біле алады. Бірақ дамыған елдердің де жағдайы мәз емес. Орта тап ақырындап азайып келеді. Сарапшылардың пікірінше, теңсіздікке қарсы күрес қарапайым. Кәсіпкерліктің жағдайын жақсарту, білімге және халықтың денсаулығына инвестиция салу, мемлекеттік басқару сапасын арттыру көші-қон проблемаларын түбегейлі шешіп, лаңкестіктің таралмауына сеп болады. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы