386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханзада Гарридің тойында 30 кәсіби аспазшы меймандарды таңғалдырмақ

  • 428
  • UPD: 09:55, 15.05.2018
Ханзада Гарридің тойында 30 кәсіби аспазшы меймандарды таңғалдырмақ

Виндзор сарайы патшалық тойына қызу дайындық үстінде.

Гарри ханзада мен актриса Меган Марклдың үйлену тойына 600 қонақ шақырылған. Келген меймандарды таңдандыру үшін 30 кәсіби аспазшы бар күшін салмақ. Патшалық отбасы бас аспазшысының айтуынша, ас мәзірінің денін жергілікті маусымдық азық-түліктер мен өнімдер құрайды.

Марк Флэнэган, патшалық отбасы бас аспазшысы:

– Ас мәзіріне байланысты көптеген өзгерту енгізілді. Әртүрлі тағамдарды сынап көрдік. Бұл көп уақыт пен еңбекті талап етеді. Сондықтан бірнеше топқа бөлініп жұмыс істеуді жөн санадық. Бір топ азық-түлікті тазалап, тураумен айналысса, екіншісі оны қуырады. Себебі той болатын күні тағамдарды дайындауға емес, оны дастарқан үстіне әдемілеп қоюға көбірек уақыт жұмсау керек болады.

Айта кету керек, The New York Times газеті мамырдың 19-ында өтетін ханзада Гарри мен Меган Марклдің үйлену тойы Ұлыбритания қазынасына біршама кіріс әкелетінін сараптаған. Пайданың негізгі бөлігі туристер есебінен түспек. Себебі дәл сол шара қарсаңында Лондонға саяхат жасаушылар санының артары анық. Кірістің екінші көзін кәдесыйлар құрауы мүмкін. Мысалы, ханзада Гарридің ағасы Уильям жұбайы Кейт Миддлтонға үйленген 2011 жылы туристер саны 350 мыңнан асқан. Қазірдің өзінде той өтетін Виндзордағы қонақүйлерде бос орын жоқ.

Хабар 24 телеарнасы