376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей АҚШ-тың сәуірде салған санкцияларына қарсы шара қолданды

  • 696
  • UPD: 20:15, 15.05.2018

Ресейдің Мемлекеттік Думасы АҚШ-тың өткен айдағы жаңа санкцияларына қарсы жауап ретінде 2 заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Оларды депутаттардың барлығы бірауыздан қолдады. Жаңа заңдарға сәйкес, АҚШ азаматтарының Ресей аумағында жұмыс істеуіне және ауылшаруашылық, дәрі-дәрмек және темекі өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады. Сонымен қатар АҚШ азаматтарына Ресейде мүлікті жекешелендіруге шектеу қойылады. Ал екінші заң шетел асып, өз еліне қарсы шыққан ресейлік азаматтарға арналған. Оған сәйкес осы заң нормаларын бұзған ресейліктерге айыппұл салынып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, АҚШ сәуір айында Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдаған еді. Мәскеу «бұл халықаралық нормалар өрескел бұзылып жүзеге асырылды» деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы