378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда Газа секторындағы оқиғаға байланысты ИЫҰ-ның кезектен тыс саммиті өтуі мүмкін

  • 409
  • UPD: 11:04, 16.05.2018
Ыстамбұлда Газа секторындағы оқиғаға байланысты ИЫҰ-ның кезектен тыс саммиті өтуі мүмкін

Ресми Анкара Газа секторындағы оқиғаға байланысты жұма күні Ыстамбұл қаласында Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитін өткізу жөнінде бастама көтеріп отыр.

Осы елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым Бангладеш, Марокко, Пәкістан, Катар мен Алжирдің үкімет жетекшілеріне хабарласып, алқалы жиынға қатысуға шақырды. Түркия премьер-министрі Израильдің әрекетін қатаң сынға алып, мұсылман елдерін зұлымдыққа қарсы бірігуге үндеу тастады деп хабарлайды арнамыздың меншікті тілшісі Ержан Жүніс. Атап өту керек, Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына қарсы палестиналықтар жаппай ереуілге шығып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Соңғы ақпарат бойынша, Израиль әскерилерінің қолынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 61-ге жетіп, 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын жараланған. Газа аймағындағы оқиға бойынша Кувейттің бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде де жиын өтеді. Онда Палестина халқының құқығын қорғау жөнінде мәселе талқыланады деп жоспарланып отыр.

Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының премьер-министрі:

– Барлық діни топтарды және бүкіл саясаткерлерді зұлымдыққа қарсы бірігуге шақырамын. Мұсылман елдері Израильмен байланыстарын қайта қарауы керек. Ислам әлемі бұл жаппай қырғынға қарсы бірлесіп, үн қатуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы