388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эпизоотиялық аурулармен күресудің ортақ құжаты әзірленді

  • 356
  • UPD: 11:27, 16.05.2018
Эпизоотиялық аурулармен күресудің ортақ құжаты әзірленді

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер эпизоотиялық аурулармен күресудің құжаттарын дайындады.

Сиань қаласында ұйымға мүше елдер трансшекаралық індеттермен күресу бойынша конференция өткізді. Қытайдың Шэньси провинциясында бас қосқан сала мамандары Циндао саммитінің «Трансшекаралық аурулардың таралуын бақылайтын бірлескен шаралар» атты құжатын әзірледі. Ол «Жібек жолы» бойындағы мемлекеттердің мал аурулары және өсімдік зиянкестерімен күресудегі күшін жұмылдырады. Конференцияда айтылғандай, сауда-саттық, тауар алмасу және туристер ары-бері ағылған XXI ғасырда мұндай ортақ қам жасаудың маңызы зор. Бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруда заманауи ақпараттық құралдарды кеңінен пайдаланған дұрыс. Ол өз кезегінде эпизоотиялық аурулардың алдын алуға үлкен мүмкіндік береді.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:

– Ұйымға мүше елдердің бизнесі мен экономикасы эпизоотиялық аурулардың таралуынан зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан бірлескен іс-әрекеттің маңызы зор. Ол біз үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ветеринарлық қызметтеріне тікелей шығуға мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде бақылаудың бірыңғай әдістерін жасап, мемлекеттер арасындағы сауда-саттықты оңтайландырамыз. Бұл бизнес үшін үлкен көмек болады.

Хабар 24 телеарнасы