380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бенедикт Камбербэтч Brexit туралы фильмдегі рольді сомдайды

  • 530
  • UPD: 01:37, 17.05.2018
Бенедикт Камбербэтч Brexit туралы фильмдегі рольді сомдайды Фотода Доминик Каммингс оң жақта / Rex/Getty

Еуроодақтан ат тонын ала қашқан Ұлыбританияның қолтығына су бүркіген кім болды?

Актер Бенедикт Камбербэтч Brexit туралы түсірілетін фильмде Доминик Каммингстің ролін сомдайтын болды.

Каммингс деген кім десеңіз, бұл Британияның ЕО-дан шығуын қолдаушы Vote Leave («Шығу үшін дауыс беру») науқанының басшысы және «Брекзитке» дем берген адам. 

Біріккен Корольдік тағдырындағы тарихи бетбұрысқа бастаған референдум жайлы картина экранға 2019 жылы шығады.

Айта кету керек, қазір елдегі билік шын өмірдегі осы Доминик Каммингске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Себебі ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жөнсіз жұмсаған болуы мүмкін.

Жалпы Ұлыбритания Еуроодақтан келер жылдың 29 наурызына дейін шығып болуы тиіс.

The Guardian

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы