382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда ИЫҰ-ның төтенше саммиті басталды

  • 437
Ыстамбұлда ИЫҰ-ның төтенше саммиті басталды

Ыстамбұлда Газа секторындағы оқиғаға байланысты Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше саммиті басталды.

Халықаралық жиынға ұйымға мүше 40 елдің өкілдері, оның ішінде 13 мемлекет басшылары және үкімет жетекшілері қатысады. Саммитке қазақстандық делегация да барды. Алқалы отырыста Израильдің басқыншылық әрекеті, Иерусалим қаласының мәртебесі мен Палестина халқының құқығын қорғау мәселелері талқыланады.

Естеріңізге салайық, бұл –араб-израиль шиеленісіне арналған алғашқы төтенше жиын емес. Былтыр желтоқсан айында ғана ислам әлемі Ыстамбұлда бас қосып, оның нәтижесі бойынша ортақ декларация қабылданған. Ол қорытынды құжатта ұйымға мүше мемлекеттер Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп жариялаған болатын.

Мевлют Чавушоғлы, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі:

– Саммитің қорытынды деклорациясында Палестина мәселесі мен қасиетті Иерусалим мұсылман үкімметінің орталығы болып қалатынына баса назар аудартамыз. Бұл шаһардың тарихи мәртебесін өзгертуге жол бермейтінімізді барлығымыз бірге мәлім етеміз.

Хабар 24 телеарнасы