385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханзада Гарридің үйлену тойы басталды

  • 496
  • UPD: 18:09, 19.05.2018

Бірнеше минут бұрын Ұлыбританияда Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы басталды.

Салтанатты шараның әр уақыты минутына дейін белгіленген. Алдымен қонақтар Виндзор сарайының маңындағы мұнараның жанына жиналып, содан кейін Әулие Георгий шіркеуіне өтеді. Сол жерде екі ғашықтың некесі қиылады. Осыдан соң жас жұбайлар қала көшесімен жүріп өтіп, қайтадан сарайға оралады. Ал екі жастың тойына басты тортты Меган Марклдың танысы, аспазшы Клэр Птак дайындады. Оны Гарри мен Меган бірге таңдап алған. Птакқа тәтті тағамды әзірлеуге 5 күн уақыт кеткен. 

Клэр Птак, аспазшы:

- Мен аспаздықпен бала шағымнан айналысып келемін. Содан бері осындай шараға қатысып, керемет торт дайындауды армандағанмын. Мұндай құрметтің маған бұйырғанына сенер емеспін. Әрине, кәсібімнің дамуына ықпал ететіні анық. Бірақ ең бастысы қатысу ғой.

Ал үйлену тойы кезіндегі қауіпсіздікті 3 мың полицей қамтамасыз етеді. Осымен қатар оқыс жағдайда қимылдайтын арнайы топтар да жұмылдырылады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, тойға 32 миллион фунт стерлинг жұмсалып, ел қазынасына 500 миллион фунт кіріс келмек.

Хабар 24 телеарнасы