384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиялық альпинист Эверест шыңын бағындырды

  • 530
  • UPD: 10:18, 20.05.2018

Австралиялық альпинист Стив Плейн әйгілі 7 шыңды небәрі 117 күнде бағындырып, әлемдік рекорд орнатты.

Джи Пи Эс ( GPS ) құрылғысы 36-жасар спортшының  8848 метр биіктіктегі Эверестке көтерілгенін тіркеген. Сөйтіп, ол 2016 жылы поляк Януш Коханский орнатқан рекордтық көрсеткіштен озды. Себебі Януш 7 шыңды 126 күнде бағындырған болатын.

Айта кету керек, жаңа рекордшы 2014 жылы Перт жағажайында көптеген жарақат алған. Дәрігерлер оның омыртқа жотасы мен мойнының қатты зақымданғанын айтып, болашақта жүре алмай қалу қауіпі бар деп болжаған. Алайда өзінің өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында арманына қол жеткізді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап, Антарктидадағы Винсон шыңын, Оңтүстік Америкадағы Аконкаггуаны, Африкадағы Килиманджароны, Жаңа Гвинеядағы Карстенз Пирамидасын, Ресейдің Эль-брусы мен Аляскадағы Денали шыңына көтерілген. Содан кейін Эверестке шықты.

Хабар 24 телеарнасы