387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гавай аралдарындағы жанартаудан атқылаған лава елді мекенге жетті

  • 602
  • UPD: 13:48, 20.05.2018

Килауэа жанартауының атқылауының артуынан елді мекендер зардап шеккен.

Оның үстіне ауаға денсаулыққа зиянды газ таралып жатыр. Улы заттың тигізетін әсері күлге қарағанда едәуір жоғары дейді мамандар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жергілікті билік жанартаудың атқылауына байланысты қауіп деңгейін қызыл түске дейін көтерген еді. 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғаттың тосын мінезінен он шақты ғимарат толықтай қирап қалды.

Айта кетейік, Гавай аралдарында орналасқан Килауэа жер жаһандағы ең белсенді жанартаулардың қатарына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы